«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ ақпараты
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
Мемлекеттік мекеме 2016 жылғы "12"ақпандағы № 260 қаулысы шешімімен құрылды.
Мемлекеттік мекеменің тұрған жері:
Қазақстан Республикасы
150000, Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 103.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні балаларға ПДПК қорытындысы негізінде арқылы психологиялық-педагогикалық түзету көмегін көрсетеді:
1) есту қабiлетi бұзылған;
2) көру қабiлетi бұзылған:
3) тiрек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған;
4) сөйлеу қабiлетi тежелген:
5) әр түрлі дәрежеде ақыл-ойы кенжелеп қалған;
6) психикалық дамуы тежелген;
7) сөйлеу қабілеті бұзылған:
8) кохлеарлық имплантаты бар;
9) аутистік спектрі бұзылған және басқа эмоциялық-еркi жағынан бұзылған;
10) күрделi бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалған балаларға.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты 0 жастан 18 жасқа дейінгі дамуында білім алудағы қажеттіліктері ерекше балаларға кешенді медициналық-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету болып табылады.
Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) мамандармен түзету жұмыстарының басым бағыттарын одан әрі анықтау үшін баланың психофизикалық жағдайын кешенді тексеру.
2) мамандардың пәнаралық командасының бала проблемаларын кешенді зерттеуі (командалық бағалау) және кешенді психологиялық-педагогикалық көмектің мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін анықтау.
3) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке-дамыту бағдарламасын әзірлеу және жасау.
4) жеке, топтық сабақтар нысанында түзету-дамытушылық оқыту өткізу;
Отбасы жағдайында даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері жөнінде ата-аналарға және (немесе) оларды алмастыратын тұлғаларға кеңес беру және үйрету.









